
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
Некені тіркеуге өтініш берушіге:
Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
Өтінімде ерінің/зайыбының ЖСН көрсету және неке тіркелетін ЖАО тіркеу бөлімін таңдау.
Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңба) қажет.
Болашақ ерінің/зайыбының өтініш беруді растауын алу. Өтініш 48 сағаттан артық емес растауды күтуі мүмкін, одан кейін күшін жояды.
Некені тіркеуді растаушыға:
Порталда авторизациядан өтіп және «Қызметтерді алу тарихы» тарауында қол қоюды күту сұранымын таңдау.
Өтінімді толтыру және оған ЭЦП қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).
"Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.
Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Көрсетілетін қызметті алушылардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
Мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар қосымша:
Шетелдіктің, азаматтығы жоқ тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар мәтінінің аудармасының дұрыстығы шетел азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ тұлға тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін.
Жеке басты куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, олардың мәтінінің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасын ұсынады.
Қажет болған жағдайда - өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге (ерлі-зайыпты болуға) рұқсат.
Заңнамада белгіленген некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде мерзімді қысқарту негіздерін растайтын құжат қосымша ұсынылады: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссияның анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше жағдайларды растайтын анықтамалар.
Неке (ерлі-зайыптылық) заңнамада белгіленген жасын төмендету қажет болған жағдайда қосымша ұсынылады:
Белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін растайтын құжаттар: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы немесе ортақ баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер.
Неке (ерлі-зайыптылық) жасына жетпеген некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімі.
Заңды өкілдердің өкілеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер.
Алдыңғы некелер (ерлі-зайыптылық) болған кезде деректерді тексеру үшін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы мәліметтер беріледі.
ҚР шегінен тыс жерлерде азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы тиісті (апостилденген/заңдастырылған, қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен) куәліктердің көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары) ұсынылады.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлік) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, электронды түрде, цифрлық құжаттар сервисінде қалыптастырылған цифрлық құжат.
Өтініш берілген жағдайда:
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Құны Бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.
Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мемлекеттік баж төлеуден Ережеде санамаланған растайтын құжаттарды көрсеткен кезде босатылады.
Өтініш берген күннен бастап күнтізбелік 15 күн өткен соң жүргізіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
Некеге отыратын адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен расталған дәлелді себептер болған кезде - 15 күн өткенге дейін қысқартады не бұл мерзімді ұзартады, бірақ ол күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімге көрсетілетін қызметті алушылардың жазбаша өтініші негізінде.
Ерекше мән-жайлар болған кезде некеге отыратын адамдардың қалауы бойынша неке қиюды мемлекеттік тіркеу себептерін және растайтын құжаттарды міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі.
Азаматтық хал актісінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 жұмыс күн.
АХАЖ АЖ-де актілік жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды).
Порталда – өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі.