Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Мемлекеттік корпорацияда тіркелген өтініштер бойынша Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге зейнетақы төлемдерін алушының банк шотына аударған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей өтініште (бар болса) көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефон нөміріне sms-хабарлама жіберу арқылы зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы төлемін жүзеге асырғаны туралы хабарлайды.

Бірінші және екінші топтардағы мерзімсіз мүгедектігі бар адамдар, зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелері немесе жерлеуді жүзеге асырған адамдар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының мұрагерлері болып табылатын адамдардың өтініштері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге зейнетақы төлемін жүзеге асыру туралы өтініште (бар болса) көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефон нөміріне sms-хабарлама жіберу.

Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ– "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі" Қазақстан Республикасы Кодексінің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар бойынша.
2) Көрсетілетін қызметті беруші – мынадай тұлғалар бойынша:
- мерзімсіз бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
- зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелері, зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамды жерлеуді жүзеге асырған адамдар;
- қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының мұрагерлері;

- зейнеткерлік жасқа толған адамдар.
3) Портал арқылы мынадай тұлғалар бойынша: 

- мерзімсіз бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

- зейнеткерлік жасқа толған адамдар жүзеге асырылады.
4) Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы – зейнеткерлік жасқа толған адамдар.

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрсетілетін қызметті беруші бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушының жарамсыз құжаттарды, көрсетілетін қызметті берушіде зейнетақы жинақтарының болмауын не егер ол белгіленген кесте бойынша алушы болып табылса;
2) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда тоқтатылады;
3) көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, деректер мен мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
4) көрсетілетін қызметті алушыда белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің мерзімсіз болуы туралы мәліметтердің расталуы болмаған;
5) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған кезде, көрсетілетін қызметті алушы осы қосымшада белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

Көру саны:3082

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдарға мемлекеттік корпорацияның зейнетақы төлемдерінің кестелеріне сәйкес мерзімдерде.

Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырған адамдарға-көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған күннен бастап - 5 жұмыс күні ішінде.

Егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының мұрагерлеріне – көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар қабылданған не келіп түскен күннен бастап - 10 жұмыс күні ішінде ұсынады.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • БЖЗҚ
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы
  • Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы