gov.kz
Меню

Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру

Как получить услугу
Онлайн
Жеке тұлғалар

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

1.Порталда авторизациядан өтіңіз "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.

2. Сатылатын көлік құралын таңдап, сұрау салуды толтырыңыз. Сұрау салуда көлік құралын сатып алушының ЖСН көрсету қажет.

3. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұрау салуға қол қою.

4. Сатып алушыдан растау алу.

5. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

6. Егер сұрау салу оң нәтиже берсе, «Азаматтарға арналған үкімет»  Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөліміне хабарласыңыз. Өзіңізбен бірге мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің түпнұсқалары, көлік құралын тіркеу туралы куәлік, көлік құралын тіркеуден шығару актісі болуы қажет.

Көлікті қайта тіркеуге растайтын сұрау салу:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз және жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) өту.

2. Келісуді қажет ететін сұрау салумен танысыңыз.

3. Сұрау салуды толтырып, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөлімін таңдаңыз.

4. Төлеуге:

- Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін шығаруға мемлекеттік баж салығы;

- Көлік құралын тіркеу туралы куәлікті дайындау үшін мемлекеттік баж салығы;

- Тіркеу жарнасы қажет.

* Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөлімінің орналасқан жері бойынша жүргізілуі тиіс

5. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұрау салуға қол қою.

6. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

7. Егер сұрау салу оң нәтиже берсе, «Азаматтарға арналған үкімет»  Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөліміне хабарласыңыз. Өзіңізбен бірге мемлекеттік баждар мен алымдарды төлегенін растайтын құжаттар, көлік құралын тіркеу актісі, мәміленің электрондық нысаны туралы құжат болуы қажет.

 Порталда қызмет тек жеке тұлғаларға көрсетіледі.

Компанияның атауы

Гипперсылка

  1.  

«Халық» Сақтандыру компаниясы» АҚ

https://797.polisonline.kz/

  1.  

«Евразия» Сақтандыру компаниясы» АҚ

https://eurasia36.kz/?P=EGOV

  1.  

«Сақтандыру компаниясы «Коммеск-Өмір» АҚ

www.kommesk.kz

  1.  

«Виктория» СК» АҚ

https://vic.kz/insure/driver

  1.  

«Jýsan Garant» Сақтандыру компаниясы» АҚ

https://c.jgarant.kz/OgpoVts/?utm_source=egov  

  1.  

«НОМАД Иншуранс» СК»  АҚ

https://nomad.kz/

  1.  

«Лондон-Алматы»  СК»  АҚ

https://insuranceshop.kz

  1.  

«Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ

https://kupipolis.kz/ru/ogpo

  1.  

«Amanat»  Сақтандыру компаниясы» АҚ

https://amanat24.kz

  1.  

 «АСКО» Сақтандыру компаниясы» АҚ

www.asko24.kz/auto

  1.  

«Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ

https://www.nsk.kz/ru/calculators/ogpo/index/

  1.  

«Freedom Finance Insurance»  СК» АҚ

https://ffins.kz/ogpo

  1.  

«Қазақмыс» СК» АҚ

https://online.kmic.kz/ogpoauto

  1.  

«ИНТЕРТИЧ» ҚДС және МСК» АҚ

https://online.interteach.kz

  1.  

«Basel сақтандыру компаниясы» АҚ

www.basel.kz

Азаматтарға арналған үкімет
Жеке тұлғалар

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:

  1. жеке басты куәландыратын құжат;
  2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі - Салық кодексі) белгіленген баждар мен алымдарды төлеу.

Бастапқы тіркеу үшін алымдарды төлеуден дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар және (немесе) оның өкілдіктері, Қазақстан Республикасында тіркелген консулдық мекемелер, Қазақстан Республикасында акккредиттелген, "Дипломатиялық қатынастар туралы" 1961 жылғы Вена конвенциясына және "Консулдық қатынастар туралы" 1963 жылғы Вена конвенциясына сәйкес артықшылықтары мен иммуниттері бар қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері босатылады;

Көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген кеңейтілген міндеттемелерді орындауы;

  1. техникалық құжат;
  2. МТНБ, КҚТК және/немесе кері әкету міндеттемесімен Қазақстан Республикасына уақытша әкелінген көлік құралдарының тіркеу құжаттары;
  3. заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлінісіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы адамның мөрі болуы тиіс болса, осы ұйымның мөрімен куәландырылған (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) бұйрығы (өкімі);
  4. көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжат, оларға:
  • кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (кеден декларациясы, кедендік кіріс ордері), уақытша кіргізген жағдайларда кері шығару туралы міндеттеме) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа);
  • орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысы хабарламасының сот растаған көшірмелері қоса берілген атқару парағы;
  • азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған мәмілелер шарттары, куәліктер, мүлікті мұрагерлікке алу құқығы туралы құжаттар;
  1. Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне (бұдан әрі - 018/2011 КО ТР) 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті:
  • жеке тұлғалар Кеден одағы/Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - КО/ЕЭО) бірыңғай кеден аумағына өз қажеттіліктері үшін әкелетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
  • көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан көп уақыт өткен жағдайда, бұрын КО/ЕЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттерде жол жүрісіне қатысқан, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына әкелінетін көлік құралдарын заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеген кезде;
  • жеке және заңды тұлғалар айналымға шығарылғанға дейін конструкциясына жеке тәртіппен өзгерістер енгізілген, сериялық өндіріс жағдайындағы; немесе сериялық өндірістен тыс жеке тәртіппен құрастыру жиынтығынан немесе жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын;
  1. базалық көлік құралын дайындаушының рұқсаты, базалық көлік құралын дайындаушылардың конструкцияға өзгерістер енгізудің тиісті түріне арналған ресми технологиялық құжаттары, ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен келісілген, белгіленген тәртіппен бекітілген конструкторлық құжаттама, көлік құралының шассиін, рамасын немесе тірек шанағын ауыстыруға байланысты пайдаланудағы және Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында тіркелген көлік құралын мемлекеттік тіркеу кезінде қарап тексеру нәтижелері бойынша ІІО уәкілетті қызметкері шығарған қорытынды;
  2. пайдаланудағы және қайта жабдықталуына байланысты Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тіркелген көлік құралын мемлекеттік тіркеген кезде 018/2011 КО ТР 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті;
  3. 018/2011 КО ТР 14 және 15-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көлік құралының түрін мақұлдауды, көлік құралы шассиінің түрін мақұлдауды:
  • көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан аз уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүшелері болып табылмайтын елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
  • жеке және заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүше елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде ұсынылады;
  1. жеке басты куәландыратын құжаттар, мекенжай анықтамасы туралы, заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтама немесе куәлік туралы, баждар мен алымдар төленгені туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген кезде), мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын көлік құралына салық төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Азаматтарға арналған үкімет
Заңды тұлғалар

Результат оказания услуги

1) Көлік құралын тіркеген кезде - КҚТК, МТНБ.
2) Көлік құралын есептен шығару кезінде - есептен шығару туралы белгімен КҚТК.
3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Часто задаваемые вопросы
Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған немесе толық көлемде ұсынбаған, оқылмайтын, қарындашпен орындалған, түзетулері, қосып жазылулары, сызылған сөздері, ескертілмеген түзетулері бар құжаттарды ұсынған, сондай-ақ құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) шынайылығын анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 тіркелген) Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қолжеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы;
4) айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы орындалмаған қаулы және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының деректері (көрсетілетін қызметті алушының өкілі) немесе көлік құралы іздестіру базасында болуы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризм мен экстремизді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) жаппай қырып жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде көрсетілетін қызметті алушының (көрсетілетін қызметті алушының өкілі) деректерінің болуы;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салынған (енгізілген) тіркеу әрекеттерін жасауға тыйым салу және шектеудің болуы;
8) көлік құралын басқа мемлекетте соңғы тіркелген орны бойынша (бастапқы тіркеу болған кезде) тіркеу есебінен шығармау;
9) көлік құралын бастапқы тіркеу немесе көлік құралын жасаушы салған нөмірлік агрегаттарды қолдан жасау, жасыру, өзгерту және (немесе) таңбалауды жою салдарынан көлік құралын сәйкестендіру мүмкін болмаған кезде оны қарап-тексеру үшін ұсынбау.

Заказать онлайн
Полное название
Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Стоимость услуги

1) КҚ тіркеген кезде - Салық кодексінің 615553-баптарына сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген кеңейтілген міндеттемелерді орындауы.
2) КҚ есептен шығарған кезде - төлемсіз.

Срок оказания услуги

Мемлекеттік корпорация арқылы - 90 минут
ЭҮП арқылы - 60 минут

Услугу оказывает
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Место предоставления услуги
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
«Электрондық үкімет» порталы

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Youtube
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы