Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру
Қызметті қалай алуға болады
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:
- Өтініш.
- Жеке басты куәландыратын құжат (егер өзге тәртіп Қазақстан Республикасының тиісті тараппен келісімімен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленбесе жарамды шетелдік паспорт).
Көрсетілетін қызметті алушы ЖСН түзету бойынша көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде:
- Өтініш.
- Жеке басты куәландыратын құжат (егер өзге тәртіп Қазақстан Республикасының тиісті тараппен келісімімен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленбесе жарамды шетелдік паспорт).
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) бойынша деректер машинамен оқылатын аймаққа сәйкес толтырылады, ал туған күні, туған жері, азаматтығы және тағы басқалар бойынша көзбен шолып тексеру аймағына сәйкес толтырылады.
Егер шетелдіктің құжатында кириллицада немесе латынша нақтылау деректері (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған жері) болмаған жағдайда, құжаттың аудармасының тиісінше нотариалды куәландырылған көшірмесін қоса беру қажет
- Анықтамалық деректерін ауыстыру туралы куәлік.
- Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
Қызмет нәтижесі
Тіркеу куәлігін беру не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Көру саны:57522
Толық аты
Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру
Қызмет алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет бағасы
Тегін
Қызмет көрсету уақыты
1 жұмыс күні
Мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Қызмет көрсету орны
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
- «Цифрлық үкімет» порталы
