Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия
Қызметті қалай алуға болады
Cіз мына қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн тапсырыс беру" батырмасын басу арқылы өтіңіз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады;
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз;
3. "Электрондық лицензиялау" порталының бетінде "Онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз;
4. Электрондық сұрау салу өрісін толтырыңыз;
5. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз;
6. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінде рұқсат алу туралы мәртебе. "Менің хабарламаларым" бөлімінде хабарламаны алу туралы мәртебе.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректер (мәліметтер) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалар белгілеген талаптарға сәйкес келмеуі.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:90
