Өнеркәсіптік меншік саласындағы қорғау құжаттарын беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

  1. «Электрондық үкімет» веб-порталында авторизациялау, «көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» қызметін таңдау және бастырмасын басу. (Single Sign-On) біріңғай кіру технологиясы арқылы newcab.kazpatent.kz қосымша авторизациясыз жеке кабинетке өту жүзеге асырылады.
  2. newcab.kazpatent.kz жеке кабинетте өтінімді толтыру және оны ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою.
  3. Жеке кабинетте және аталған профильде көрсетілген электрондық поштада қызмет көрсету мерзімі ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Қорғау құжатын беру кезінде: Мемлекеттiк тiзiлiмде (өнеркәсіптік үлгіге, пайдалы модельге, өнертабысқа) қорғау құжатын беру туралы мәліметті енгізу және қорғау құжатының берілгені туралы мәліметті енгізуді жариялау немесе негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап. Қазақстан Республикасының Патент Заңының 26-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерден бұрын мемлекеттік қызмет алу үшін өтінішхатсыз өтінім берген жағдайда өнертабысқа патент беру туралы мәліметтер он сегіз ай өткеннен кейін, ал пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге он екі ай өткеннен кейін жарияланады.

Қорғау құжатының телнұсқасын беру кезінде: Қорғау құжатына телнұсқа беру немесе негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.

Көру саны:97

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Өнеркәсіптік меншік саласындағы қорғау құжаттарын беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Қызмет көрсету уақыты

10 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Цифрлық үкімет» порталы