Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу
Қызметті қалай алуға болады
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
- Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың осы тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге жататын дәйексіз мәліметтер мен ақпаратты ұсыну.
- Көрсетілетін қызметті алушы қызметкерлерінің "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңның (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеу.
- Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеттенген немесе Заңның 3-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) жарғылық капиталына қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленетін және (немесе) оған билік ететін тұлғаның сәйкес келмеу.
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап үш ай өткен соң көрсетілетін қызметті берушіге есептік тіркеуден өту туралы өтінішпен жүгіну.
- Заңның 21-бабының 1-тармағында белгіленген талап сақталмаған жағдайларда тоқтатылады.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
- «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының N 573 Заңы (мемлекеттің қатысуымен кредиттік бюроға ақпарат беру туралы шарт жасасу туралы талапты орындау);
- «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының № 62-VІ ҚРЗ Заңы;
- «Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 49 қаулысы (коллекторлық қызметті есептік тіркеуден өту тәртібін айқындайды);
- «Кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ Кредиттік бюролардың ақпарат берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қоятын талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 228 қаулысы.
Көру саны:570
