Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады

  2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

  3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз

  4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз

  5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігі.

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрсетілетін қызметті алушы осы қосымшаның 8-тармағына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасы қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкестендіру мерзімі бір жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оны талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жолдайды.

Көру саны:114

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

1 АЕК

Қызмет көрсету уақыты

3 жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы