
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі)
Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен және бұл ретте зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар осы тармақтың үшінші бөлігінің 1)-3) тармақшаларында көзделген өтініш пен құжаттарды бермейді.
Осы санаттағы адамдарға мемлекеттік қызмет осы тізбенің 3-тармағында белгіленген мерзімде проактивті қағидат бойынша көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау кезінде жеке басын куәландыратын құжат туралы, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді, мүгедектігі туралы анықтамаларды "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке мыналар қоса беріледі:
жеке өтініш білдірген кезде:
Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін:
Өтінішке шетелдіктердің алушылар болып табылатын, зейнетақы жинақтары міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бар зейнетақы және Қазақстан Респубикасынан тыс жерге тұрақты тұруға шығушылар мыналарды қоса береді:
алушы жеке өтініш білдірген кезде:
Алушы атынан айырма төлемін тағайындау туралы өтінішпен жүгінген кезде сенім білдірілген өкіл осы тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа:
Мұрагер мыналарды ұсынады:
Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған және қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамдарға айырма төлемін тағайындау үшін олардың қорғаншылары немесе қамқоршылары:
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы өтініште көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысына sms-хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.
Айырма төлемін тағайындау.
Тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама.
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың (мәліметтердің) және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми интернет-ресурсында инфляция деңгейі туралы ақпарат болған кезде, құжаттар топтамасы Мемлекеттік корпорацияда тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті белсенді түрде көрсету кезінде қызметті тағайындау мерзімі Қазақстан Республикасында Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1 тармағына сәйкес зейнетақы жасы басталған күнгі инфляция деңгейі туралы ақпарат болған кезде базалық зейнетақы төлемі тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады, бірақ Кодекстің 207-бабының 1 тармағына сәйкес зейнетақы жасы басталған күнгі инфляция деңгейі туралы ақпарат болмаған кезде оны тағайындаған күннен бастап көрсетіледі
- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы көрсетілетін қызметті алушының жеке зейнетақы шоты бойынша деректерді қайта сұрату үшін негіздер болған кезде – 25 жұмыс күніне дейін
Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі қызмет көрсету мерзімін ұзартады және өтініш берушіге қызмет көрсету мерзімін ұзарту қажеттілігі туралы хабарлама береді.
Проактивті қағидат бойынша қызмет көрсету кезінде қызмет көрсету мерзімін ұзарту қажеттілігі туралы хабарлама берілмейді.