Фармацевтикалық өнімге сертификат беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Фармацевтикалық өнімге сертификат немесе фармацевтикалық өнімге сертификат беруден дәлелді бас тарту (СРР).
Сертификатты беру электрондық (қағаз) түрінде жүзеге асырылады.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің, Фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты (СРР) беру осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.
3) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
4) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Көру саны:376

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Фармацевтикалық өнімге сертификат беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

5 жұмыс күні.

Төтенше жағдайлар кезінде, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу жағдайында құжаттарды қарау мен фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты берудің жалпы мерзімі 3 жұмыс күніне дейінгіні құрайды.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы