Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу
Қызметті қалай алуға болады
1. Еркін нысандағы өтініш немесе шет мемлекеттің құзыретті органының қолдаухаты (Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген немесе Қазақстан Республикасына берілген жағдайда).
2. Жеке басын куәландыратын құжатты жоғалтқаны туралы өтініш беру фактісін растайтын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжат.
3. Өлшемі 3х4 сантиметр түрлі-түсті екі фотосурет.
4. Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
5. Жеке басын куәландыратын құжаттардың (бар болса) бірінің түпнұсқасы, ал ол болмаған жағдайда "Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес толтырылған сауалнама-өтініш.
6. Жынысының өзгеру фактісін растайтын шет мемлекеттің медициналық мекемесі берген тиісті құжат.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.
Қызмет нәтижесі
Қайтып оралуға арналған куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Көру саны:475
Толық аты
Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу
Қызмет алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет бағасы
Жеке тұлғаларға мемлекеттiк Қазақстан Республикасының Кодексіне, Салық кодексінің 628-бабында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда.
Қызмет көрсету уақыты
2 жұмыс күні — жеке куәліктің түпнұсқасы болған жағдайда
10 жұмыс күні — түпнұсқасы болмаған жағдайда
Мемлекеттік орган
Қызмет көрсету орны
- Шет елдердегі мекемелер
