Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады
  2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
  3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз
  4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз
  5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыру бойынша аккредиттеу туралы куәлік.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту (еркін нысанда).

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
  3. Аккредиттеуші органның медициналық ұйымның аккредиттеу саласындағы стандарттарға және денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі халықаралық ұйым мақұлдаған аккредиттеу критерийлеріне сәйкес еместігі туралы шешімі.

Көру саны:767

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Ақылы - қызметтердің құны аккредиттеуші органның ресми сайтында орналастырылады

Қызмет көрсету уақыты

Қызметтердің құны аккредиттеуші органның ресми сайтында орналастырылады 27 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы