Несиелік есептегі ақпаратты даулау

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Қызметтың нәтижесінде ақпаратты түзету және түзетілген несиелік есеп немесе ақпараттың растығы туралы хат ұсынылады.

Ақпаратты даулау-бұл сіздің несиелік есебіңіздегі дұрыс емес ақпаратты түзетуге мүмкіндік беретін қызмет. Егер сіз өзіңіздің дербес несиелік есебіңізді алсаңыз және ондағы кез-келген ақпараттың дұрыс еместігін көрсеңіз, онда Сіз қатені толық сипаттай отырып, онлайн режимінде өтініш бере аласыз.

Сіз даулайтын келісімшарттың нөмірін, несиелендірушінің атауын, Сізге қандай ақпарат дұрыс емес болып көрінетінін және дұрыс ақпаратты міндетті түрде көрсетіңіз. Дауланатын ақпараттың дұрыстығын дәлелдеуге көмектесетін кез-келген растайтын құжаттарды өтінішке қоса аласыз. Алайда, несие есебінің өзі тіркеудің қажеті жоқ.

Бірінші кредиттік бюро Сіздің өтінішіңізді несиелендірушіге жібереді. Жауап беру уақыты Ақпарат берушіге тікелей байланысты, сіздің несиелендірушіңіз бәрін анықтау үшін көп уақытты қажет ететін кездер болады. Ақпарат берушіден (БФУ, МҚҰ және т.б.)  алынған ақпараттың (ЕДБ, МҚҰ және т.б.) негізінде Сізге өтінішіңіздің қаралуының тиісті нәтижесі жіберіледі.

Қызметты қай кезде қолдану қажет?

• Егер Апаратты беруші несиелік тарихқа қате ақпарат еңгізсе:
• Егер сіз есепте жабылмаған соманы көріп, оны төлегеніңізді дәлелдей алсаңыз, және төлеген күннен 15 жұмыс күні өтсе.
• Егер несиелік тарихыңызда сіз рәсімдемеген несие пайда болса;

• Егер несиеік тарихыңызда жеке деректеріңіз немесе басқа да ақпарат қате көрсетілсе;

Назар аударыңыз!

Даулау процесін бастау үшін 10 жұмыс күннен ерте емес eGov.kz порталынан алынған ДНЕ (дербес несиелік есеп) болуы қажет.

Ақпарат берушілер жаңартуларды кредиттік бюроға 10 жұмыс күннің ішінде, коллекторлық агенттіктер - 30 күнтізбелік күннің ішінде беруге міндетті. Сонымен қатар, жаңа несиелерді рәсімдеу туралы ақпарат, кредиттік бюроға 1 жұмыс күннің ішінде жіберіледі. Егер сізге ақпаратты көрсетілген мерзімнен бұрын жаңарту қажет болса, несиелендірушіге тікелей хабарласыңыз.

Көру саны:1456

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Несиелік есептегі ақпаратты даулау

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Мемлекеттік орган

"Бірінші кредиттік бюро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызмет көрсету орны

  • «Цифрлық үкімет» порталы

Қосымша