Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Ветеринариялық препараттарды, сол бір ветеринариялық препараттың жемшөп қоспаларын, әртүрлі дозалары, концентрациясы немесе көлемі, бірақ бір дәрілік нысаны бар жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын жүргізу үшін көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының байқаудан өткізуге және тіркеу сынақтарына берілетін ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының барлық көлемдерін, дозаларын немесе концентрацияларын тізімдейтін бір өтініш ұсынады.

Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері туралы хаттама және/немесе ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарының нәтижелері туралы хаттама не уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің дұрыс еместігі негіз бола алады.
Егер сіз осы қызметті көрсететін мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларының шешімімен, әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен келіспесеңіз, сіз Министрліктің басшысының мекенжайына тиісті шағыммен жүгіне аласыз. Тіркелген сәттен бастап 5 күн ішінде сіздің шағымыңызды қарастырып сізге жауап беру керек.
Шағымды бірнеше тәсілмен беруге болады:
1. Жазбаша нысанда пошта арқылы.
2. "Электрондық үкімет" веб-портал арқылы.
3. Қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы қолма-қол.
Егер сіздің шағымыңызға алынған жауап сізді қанағаттандырмаса, сіз мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.
"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға ақылы
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – 2 жылға дейін