Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсат

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің сенімсіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкессіздігі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметпен немесе жеке қызмет түрлермен айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылған заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушы үшін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады;
6) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.

Көру саны:394

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсаттар беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Рұқсат беру – 8 жұмыс күн ішінде.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 5 жұмыс күн ішінде.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы