
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшасының телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
1) Лицензиялық алым енгізілмеген.
2) Өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе.
3) Лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алса.
4) Өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.
5) Сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге уақытша тыйым салған жағдайларда жүзеге асырылады.
6) Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталса, лицензия беруден бас тартылады.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия беру - 20 АЕК
Лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру – 10 жұмыс күні.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні.