Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. Осы бетте қажетті қызметтің кіші түрлеріне сілтеме арқылы өту, содан кейін жаңа терезеде «электронды лицензиялау» порталы ашылады:

2. Жүйеге кіру немесе  «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу.

3. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылатын «электрондық лицензиялау» порталының бетінде қызметтің қажетті түрін таңдау және «Әрі қарай» батырмасы бойынша өту.

4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.

5. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы -  «Менің хабрламаларым» тарауынан біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Нөмірлерді беру немесе оларды алып қою туралы бұйрық;
мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.

2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3. Сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы.

4. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

5. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

Көру саны:311

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

5 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы