Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтерді көрсетуге арналған лицензия беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде мыналар:

  • Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынғаны;
  • лицензиялық алым енгізілмеген;
  • өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) біліктілік талаптарына сәйкес келмегені;
  • өтініш берушіге (көрсетілетін қызметті алушыға) қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болғаны;
  • сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге сотпен уақытша тыйым салғаны;
  • өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
  • көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде құжаттарды ұсынбау немесе тиісінше ресімделмеуі.

3. Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда:

  • лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаса немесе тиісінше ресімдемесе;
  • өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
  • егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғаларды-лицензиаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болғандардың ішіндегі басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген болса;
  • көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.

Көру саны:1028

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтерді көрсетуге арналған лицензия беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Лицензия беру - 5 АЕК

Қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 % құрайды

Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың төлнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алынбайды

Қызмет көрсету уақыты

Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде, оның ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қайта ресімделген кезде – 20 жұмыс күні

Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде – 3 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы