Экологиялық ақпарат беру
Қызметті қалай алуға болады
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
- Қызметтерді алу үшін сіз oos.ecogeo.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек.
- oos.ecogeo.gov.kz сайтында қажетті жолдарды толтырыңыз және өтінішті жіберіңіз.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
"Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияны бекіту туралы" 2000 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес:
1) өтiнiш жiберiлген көрсетілген қызметті берушіге сұрау салынған экологиялық ақпараттың болмаса;
2) көрсетілетін қызметті берушіде сұратылатын экологиялық ақпарат жоқ болса, сұрау салу жіберілген мемлекеттік органда сұратылатын экологиялық ақпарат болмаса;
3) өтініш айқын негізсіз болуы немесе тым жалпылама түрде тұжырымдалуы;
4) өтініш әзірлеудің ақырғы кезеңінде немесе мемлекеттік органдардың ішкі хат алмасуларында және олардың арасында тұрған, ұлттық заңнамада немесе қалыптасқан практикада мұндай жағдай көзделген материалдарға қатысты болса, экологиялық ақпарат беру туралы өтініштен бас тартылуы мүмкін, бұл орайда жұртшылықтың мұндай ақпарат алуға мүдделілігі ескеріледі;
5) мұндай ақпаратты жария ету теріс әсерін тигізуі мүмкін:
- ұлттық заңнамамен қарастырылған кездегі, мемлекеттік органдардың жұмысының құпиялылығына;
- халықаралық қатынастарға, ұлттық қорғанысқа немесе мемлекеттік қауіпсіздікке;
- сот әділдігін жасауға, адамдарға әділетті сот тергеуін жүргізу мүмкіндігіне немесе органдардың қылмыстық немесе тәртіптік сипаттағы тергеу жүргізу қабілетіне;
- заңды экономикалық мүдделерді қорғау мақсатында коммерциялық және өнеркәсіптік ақпараттың жасырылуына. Бұл шеңберде қоршаған ортаны қорғауға қатысты шығарындылар туралы ақпарат ашып көрсетілуі тиіс;
- зияткерлік меншік құқықтарына;
- ұлттық заңнама ережелеріне сәйкес жұртшылыққа мұндай ақпарат беруге өкілетті тұлға келісім бермеген кезде жеке тұлғаға қатысты жеке деректердің және/немесе мұрағаттардың құпиялылығына;
- егер бұл тарап бұлайша әрекет жасауға құқықтық міндеттемемен байланысты болмаса немесе егер бұл тарапқа мұндай міндеттеме жүктелуі мүмкін болмаса және бұл тарап материалды жария етуге келісім бермесе, сұрау салынған ақпаратты берген үшінші тараптың мүдделеріне;
- осы ақпарат қоршаған ортаға, мысалы, сирек кездесетін түрлердің өсіп-өнетін орындарына теріс әсер етеді.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:1361
