
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
1) ұсынылған құжаттардың толық еместігін және (немесе) қолданылу мерзімі өткендігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті болған уәкілетті мемлекеттік органның келісім беру туралы сұранысқа берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің немесе тексерістің теріс қорытындысы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметті немесе оның жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
6) Көрсетілетін қызмет алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуымен байланысты арнайы құқықтан айыру туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
7) дәлелді ескертпелердің жойылмауы;
8) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап: мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру – 30 жұмыс күні ішінде: оның ішінде дәлелді ескертулерді жолдау – 15 жұмыс күні ішінде; көрсетілетін қызметті алушының пысықталған материалдарды ұсынуы – дәлелді ескертулерді алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап: мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру – 15 жұмыс күні ішінде: оның ішінде дәлелді ескертулерді жолдау – 7 жұмыс күні ішінде; көрсетілетін қызметті алушының пысықталған материалдарды ұсынуы – дәлелді ескертулерді алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде.