Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

  1. Elicense.kz порталына өтіңіз

  2. Жүйеге кіріңіз/Тіркеліңіз

  3. Қызметке тапсырыс беріңіз

  4. Өтінімді толтырыңыз

  5. ЭЦҚ қойыңыз

  6. Нәтижені тексеріңіз

   

Қызмет нәтижесі

Жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу бойынша:

- сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ), тік жоспарлау белгілерін, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірмесі, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын, техникалық шарттар, сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларының электрондық көшірмелері.

СЖТ және техникалық шарттарды алу бойынша:

- СЖТ және техникалық шарттардың электрондық көшірмелері.

Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды алу бойынша:

- тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) ЖАО шешімінің, СЖТ, техникалық шарттардың (көрсетілетін қызметті алушы сауалнама парағын ұсынған жағдайда), сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемаларының электрондық көшірмелері.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді бас тарту.

Көру саны:7626

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшін:

  • техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді салу жобалар бойынша - 15 жұмыс күні
  • техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді салу жобалар бойынша - 17 жұмыс күні

Сәулет-жоспарлау тапсырмасы және инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарды:

  • техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді салу жобалар бойынша - 9 жұмыс күні
  • техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді салу жобалар бойынша - 15 жұмыс күні

Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды алу үшін - өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күні

Дәлелді бас тарту - 5 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы