
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Әкелуге, әкетуге және транзитіне рұқсат беру немесе дәлелді бас тарту.
1) қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін тыйым салынады;
2) өтініш берушіге (көрсетілетін қызметті алушыға) қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
3) сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот борышкер өтініш берушіге рұқсат беруге уақытша тыйым салады;
4) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса.
Заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
5) есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсатты қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбау немесе тиісінше ресімдемеу;
6) егер бұрын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат заңды тұлғалар-лицензиаттардың бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болған қатарынан басқа заңды тұлғаға қайта ресімделсе.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
Рұқсат беру – 3 жұмыс күнінен кешіктірмей
Рұқсатты қайта ресімдеу кезінде – 2 жұмыс күн