Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензиясы

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Бар тауарлардың экспорт мен импортын лицензиясы, немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш берушіге (көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болған;
4) сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот борышкер өтініш берушіге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
5) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензияны қайта ресімдеу кезінде құжаттарды ұсынбау немесе тиісінше ресімдемеу болып табылады.
Заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
6) тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензияны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбау немесе тиісінше ресімдемеу;
7) егер бұрын тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензиялар заңды тұлғалар-лицензиаттардың бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болғандар қатарынан басқа заңды тұлғаға қайта ресімделсе.

Көру саны:207

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Лицензия беру - 10 АЕК

Лицензияның телнұсқасын беру – 1 АЕК

Қызмет көрсету уақыты

Лицензияны беру кезінде – 3 жұмыс күні

Лицензияның телнұсқасын беру кезінде – 2 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы