Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы

Қызмет нәтижесі

Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру немесе дәлелді бас тарту

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті тұтынушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
4) көрсетілетін қызметті тұтынушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті тұтынушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады;
5) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті тұтынушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

Көру саны:3572

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

ҚР резиденті емес заңды тұлға

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

3 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы