
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру және қайта ресімдеу және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
1. Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған.
2. Лицензиялық алым енгізілмеген.
3. Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген.
4. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған.
5. Сот орындаушысының ұсыныуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған.
6. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Лицензиялық алым - 10 АЕК
Лицензияны қайта ресiмдеу үшiн - лицензиялық алымның 10 %-ы
Лицензияның телнұсқасы - лицензиялық алымның 100 %-ы
Лицензия беру – 4 жұмыс күні
Лицензияны қайта ресімдеу – 4 жұмыс күні
Лицензияның қолданылуын тоқтату – 10 жұмыс күні