Жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
  3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
  4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Жеңіл және аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру, алдыңғы қағаз нысанда берілген жеңіл және аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын электрондық форматқа ауыстыру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына, Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларының, Заңның немесе ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болғанда;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Көру саны:81

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

22 жұмыс күні.
Ұсынылған құжаттарды қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болғанда қарау мерзімі 22 жұмыс күніне дейін ұзартылады.
Алдыңғы қағаз нысанда берілген аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын электрондық форматқа ауыстыру мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы