Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған, сондай-ақ киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы қызметінің және киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің жұмысы шеңберіндегі арнаулы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензия беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Лицензияны беру, қайта ресімдеу, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан дәлелді бас тарту.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
7) лицензиялық алымның енгізілмеуі; Лицензиант-заңды тұлғаның бөлісу түрінде қайта құрылу кезінде:
1) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 10-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы немесе тиісінше ресімдемеуі;
2) көрсетілетін қызмет алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
3) лицензиант-заңды тұлғаның бөлісу түрінде қайта құрылу нәтижесі бойынша лицензия және (немесе) лицензияға қосымша пайда болған басқа заңды тұлғаға қайта ресімделген болса

Көру саны:17

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған, сондай-ақ киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы қызметінің және киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің жұмысы шеңберіндегі арнаулы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензия беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Лицензиялар беру үшін - 20 АЕК

Лицензияларды қайта ресімдеу үшін - 2 АЕК

Қызмет көрсету уақыты

Лицензиялар беру - 15 жұмыс күні

Лицензияларды қайта ресімдеу - 3 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы