Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу бойынша қызметпен айналысу үшін кіші түрін/ қызметтің кіші түрін көрсетіп лицензияны беру, қайта ресімдеу, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан дәлелді бас тарту.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;

2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;

3) уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ке­лі­сі­мі ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға бе­рі­л­ген те­ріс жа­у­ап, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы;

4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;

5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша;

6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы;

7) ли­цен­зи­я­лық алым­ның ен­гі­зіл­ме­уі;

Ли­цен­зи­ант-заң­ды тұл­ға­ның бө­лі­су тү­рін­де қай­та құ­ры­лу ке­зін­де:

1) Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың 10-тар­ма­ғы 2) тар­мақ­ша­сын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды ұсын­бау неме­се то­лық ти­ісін­ше ре­сім­де­меу;

2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет алушы­ның бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;

3) егер ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша ли­цен­зи­ат-заң­ды тұл­ға­ны бө­лі­су тү­рін­де қай­та ұй­ым­да­сты­ру нәти­же­сін­де пай­да болған бас­қа заң­ды тұл­ға­ға қай­та ре­сім­дел­ген бол­са

Көру саны:18

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Лицензия беру үшін - 20 АЕК

Лицензияны қайта ресімдеу үшін - 2 АЕК

Қызмет көрсету уақыты

Лицензия беру - 15 жұмыс күні

Лицензияны қайта ресімдеу - 3 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы