gov.kz
Меню

ҚҚС қайтару

Как получить услугу
Онлайн
Жеке тұлғалар

Cіз мына қызметті портал арқылы ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасы бойынша өтіңіз (қызметті алу үшін сізде cabinet.kgd.gov.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).

2. cabinet.kgd.gov.kz сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. Жоспарланған уақыт аралығында сұраныстың күйін CТК сайтындағы салық есептілігі журналында тексеріңіз.

Онлайн
Заңды тұлғалар

Қызмет беруші
Жеке тұлғалар

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

Cалықтық кезең үшін ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап ҚҚС асып кетуін қайтару үшін белгіленген нысанда ұсынылады.

1. Экспортталатын тауарларды беруге арналған шарт (келiсiмшарт).

2. Салық кодексінің 2-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа, тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып жүзеге асыратын кеден органының белгiлерi бар, сондай-ақ ЕАЭ-ның кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан Қазақстан Республикасы кеден органының немесе ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің кеден органының белгiсi бар тауарларға арналған декларацияның көшірмесі.

3. Экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, тауарлар:

  • магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы;
  • уақытша кедендік декларациялау пайдаланылып әкетілген кезде кедендiк декларациялауды жүргiзген кеден органының белгiлерi бар тауарларға арналған толық декларацияның көшiрмесi;

4. Тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.

Тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы әкетілген жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-беру актісі ұсынылады;

5. Зияткерлік меншік объектісі экспортталған жағдайда – авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның зияткерлік меншік объектісіне құқығы туралы, сондай-ақ оның құнын растауы.

6. Тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімінде жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар, сондай-ақ шектері ЕАЭО-ның кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың бақылау-өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауарларға арналған декларацияның көшірмелері.

7. Тауарлар мерзімдік кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, тауарларды берудің мәлімделген кезеңі аяқталғаннан кейін енгізілген өзгерістері (толықтырулары) бар, әкетілген тауардың нақты саны туралы мәліметтерді қамтитын тауарларға арналған декларацияның көшірмесі.

Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, бұрын ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс жерге әкетiлген тауарларды немесе олардың қайта өңдеу өнiмдерiн одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда, экспортты растау Салық кодексінің 467-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

1. Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімін экспорт кедендік рәсіміне өзгерту жүргізiлетiн тауарларға арналған декларацияның көшірмесі.

2. Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырыла отырып ресiмделген тауарларға арналған декларацияның көшірмесі.

3. Кедендік аумақта қайта өңдеу (тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу) кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, тауарларды шет мемлекеттің аумағына әкелу кезiнде ресiмделген, осындай ресiмдеудi жүзеге асырған шет мемлекеттің кеден органы куәландырған тауарларға арналған декларацияның көшiрмесi.

4. Шет мемлекеттің аумағында ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін шет мемлекеттің аумағында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне немесе экспорт кедендік рәсіміне өзгерту жүргізілетін тауарларға арналған декларацияның көшірмесі.

Салық органдарының ақпараттық жүйесінде кеден органдарының тауарларды іс жүзінде әкету туралы хабарламасы бар, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация да тауарлардың экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде Салық кодексінің 467-бабы 2-тармағының 2), 3) және 6) тармақшаларында және 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Салық кодексінің 468-бабының мақсаттары үшін мыналар халықаралық тасымалдарды растайтын құжаттар болып табылады:

1. Жүктерді тасымалдау кезінде:

  • халықаралық автомобиль қатынасында – тауар-көлік жүкқұжаты;
  • халықаралық теміржол қатынасында, оның ішінде тікелей халықаралық теміржол-паром қатынасында және жүкті теміржол көлігінен су көлігіне ауыстырып тией отырып, халықаралық теміржол-су қатынасында – бірыңғай үлгідегі жүкқұжат;
  • әуе көлігімен – жүкке арналған жүкқұжат (әуе жүкқұжаты);
  • теңіз көлігімен – коносамент немесе теңіз жүкқұжаты;
  • көліктің екі немесе одан көп түрімен транзитпен (аралас тасымал) – бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент);
  • магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы:
  • есеп айырысу кезеңi iшiндегі экспорт және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімдерімен орналастырылған тауарларға арналған декларацияның не есеп айырысу кезеңi iшiндегі кедендік транзиттеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
  • орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актiлерi, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға қабылдау-беру актiлерi;

2. Жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау кезінде:

  • автомобиль көлігімен:
  • тұрақты тасымалдар кезінде – Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру билеттерін сату туралы есеп, сондай-ақ жүрі жолындағы автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомостары;
  • тұрақты емес тасымалдар кезінде – халықаралық қатынаста көлік қызметтерін көрсету туралы шарт;
  • теміржол көлігімен:
  • Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру, тасымалдау және пошта құжаттарын сату туралы есеп;
  • Қазақстан Республикасында халықаралық қатынаста сатылған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомосы;
  • теміржол әкімшіліктері арасындағы жолаушылар тасымалдары үшін өзара есеп айырысу жөніндегі баланстық ведомость пен жол жүру және тасымалдау құжаттарын ресімдеу туралы есеп;
  • әуе көлігімен:
  • бас декларация;
  • жолаушы манифесі;
  • карго-манифест;
  • лоджит (орталық-тиеу графигі);
  • жинақтау-тиеу ведомосы (жол жүру билеті және багаж түбіртегі);

Халықаралық қатынаста жолаушылар пойыздарының (вагондарының) жүріп өтуі бойынша көрсетілетін қызмет кезінде:

  • жолаушылар пойызының заттай парағы.

Құжаттар қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда жасалуы мүмкін.

Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды іс жүзіндегі әкету туралы хабарламасы бар, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация да тауарлардың экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде Салық кодексінің 468-бабы 4-тармағының бірінші бөлігі 1) тармақшасының сегізінші абзацында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Салық кодексінің 469-бабына сәйкес халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілер жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

1. Тұрақты рейстерді жүзеге асыру кезінде – әуежайдың, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушінің шетелдік авиакомпаниямен жанар-жағармай материалдарын өткізуді көздейтін және (немесе) қамтитын шарты;

тұрақты емес рейстерді жүзеге асыру кезінде – шетелдік авиакомпанияның өтінімі және (немесе) әуежайдың, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушінің шетелдік авиакомпаниямен шарты (келісімі).

Бұл ретте өтінімде мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:

  • тіркелген мемлекеті көрсетіле отырып, авиакомпанияның атауы;
  • әуе кемесінің болжамды қону күні.

Форс-мажорлық мән-жайлар салдарынан шетелдік әуе кемесі қонған кезде осы тармақшада көзделген өтінім толтырылмайды.

Осы тармақшаның мақсаттары үшін:

  • Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен авиакомпания белгілеген және жариялаған кестеге сәйкес орындалатын рейс тұрақты рейс деп танылады;
  • тұрақты болып табылмайтын және әуе тасымалы мақсатында немесе онсыз белгілі бір тапсырыс беруші үшін орындалатын рейс (ұшу) тұрақты емес рейс (ұшу) деп танылады;

2. Әуе кемесіне жанар-жағармай материалдарының құйылғанын растайтын кеден органының белгісі бар шетелдік әуе кемесіне жанар-жағармай құюға арналған шығыс ордері немесе талап, онда мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:

  • авиакомпанияның атауы;
  • құйылған жанар-жағармай материалдарының мөлшері;
  • әуе кемесіне май құйылған күн;
  • әуе кемесі командирінің немесе шетелдік авиакомпания өкілінің және әуежайдың, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушінің тиісті қызметінің жанармай құюды жүзеге асырған қызметкерінің қолтаңбалары.

Осы тармақшаның ережелері ЕАЭО-ның және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде қолданылмайды.

3. Әуежай, жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуші өткізген жанар-жағармай материалдары үшін ақы төлеу фактісін растайтын құжат.

4. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйым қызметшісінің шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерiн растайтын қорытындысы.

Бұл ретте ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген рейстер жүзеге асырылған жағдайларда азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйымның қызметшісі осы тармақшада көзделген қорытындыны ұсынады.

Салық кодексінің 470-бабына сәйкес арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толық тұтынылатын тауарларды өткізу кезінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

1. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен немесе инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлғамен тауарларды беруге арналған шарт (келісімшар).

2. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса беріле отырып, тауарларға арналған декларацияның және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері.

3. 1) тармақшада көрсетілген ұйымдарға тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.

4. Салық кодексінің 470-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері.

Салық органдары ақпараттық байланыс арналары арқылы кеден органдарынан алған электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация да нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжат болып табылады. Электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде Салық кодексінің 470-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тауарларға арналған декларацияның көшірмесін ұсыну талап етілмейді.

Электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде салық кодексінің 470-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тауарларға арналған декларацияның көшірмесін ұсыну талап етілмейді.

Салық кодексінің 471-бабына сәйкес мыналар шектері ЕАЭО-ның кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақты құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде тұтынылатын немесе өткізілетін тауарларды өткізу кезінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымды растайтын құжаттар болып табылады:

1. Шектері ЕАЭО-ның кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен және (немесе) тұлғалармен тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт).

3. 1) тармақшада көрсетілген ұйымдарға және (немесе) тұлғаларға тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.

4. Салық кодексінің 471-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) тұлғалардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері.

Салық кодексінің 472-бабының 1-тармағында көрсетілген нөлдік мөлшерлеме бойынша мыналар салық салынатын айналымды растайтын құжаттар болып табылады:

1. Салық төлеуші мен Ұлттық Банк арасында жасалған бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт.

2. Ұлттық Банкке өткізілген аффинирленген алтынның құнын растайтын құжаттардың көшірмелері.

3. аффинирленген алтынның саны көрсетіле отырып, Ұлттық Банктің аффинирленген алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері.

Салық кодексінің 473-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілерге тауарлардың өткізілгенін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

1. Берілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың, өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) жұмыс бағдарламасын орындауға арналғаны көрсетіле отырып, талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарларды беруге арналған шарт.

2. Салық төлеушілерге тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.

3. Салық төлеушілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері.

Салық кодексінің 473-бабының 2-тармағында көрсетілген тұрақсыз конденсаттың өткізілгенін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

1. Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкетілген (әкетілетін) тұрақсыз конденсатты беруге арналған шарт (келісімшарт).

2. Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу актісі.

3. Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына құбыржолдар жүйесі арқылы әкетілген тұрақсыз конденсатты қабылдау-беру актісі.

Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу тәртібін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Салық кодексінің 473-бабының 3-тармағында көрсетілген тауарлардың өткізілгенін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

1. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар).

2. қайта өңдеу өнімдерін өткізудің жүзеге асырылуына негіз болатын шарттар (келісімшарттар).

3. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растайтын құжаттар.

4. Алыс-беріс шикізатының Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.

Алыс-беріс шикізаты магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы әкетілген жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына осындай алыс-беріс шикізатын қабылдау-беру актісі ұсынылады;

5. Аумағында алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жүзеге асырылған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық төлеушісіне – қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға олардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын құжаттар.

6. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен ашылған, Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттарына өткізілген қайта өңдеу өнімдері бойынша валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар.

7. Салық кодекстің 523-бабының 8-тармағында көзделген, тиісті уәкілетті мемлекеттік органның ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысы.

Мемлекеттік кірістер органы жүргізетін салықтық тексеру барысында көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген ұсынатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылар ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талапты көрсете отырып, ҚҚС бойынша декларация табыс етілген салықтық кезең, сондай-ақ ҚҚС бойынша салықтық тексерулер жүргізілмеген, бірақ талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын алдыңғы салық кезеңдері үшін қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомасының анықтығын растау бойынша ұсынады.

Результат оказания услуги

1) мыналар:

ҚҚС бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылмайтын бейрезиденттен жұмыстар, қызметтер алған кезде төлеуге жататын ҚҚС есебіне, импортталатын тауарларға ҚҚС есебіне;

  • салық төлеушінің салық және (немесе) бюджетке төленетін төлемдерінің өзге де түрлері бойынша;
  • салық төлеушіде ҚҚС, салықтардың және төлемдердің өзге де түрлері бойынша салықтық берешегі болмаған жағдайда заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің салық және (немесе) бюджетке төленетін төлемдерінің өзге де түрлері.

2) салықтық берешегі болмаған жағдайда, салықтардың және төлемдердің өзге түрлері бойынша (талап ету бойынша) алдағы төлемдердің есебіне ҚҚС асып кету сомасын есепке жатқызу;

3) салық берешегі болмаған кезде салық төлеушінің банк шотына ҚҚС асып кетудің қалған сомасын қайтару бойынша салықтық берешекті өтеу есебіне ҚҚС асып кету сомасын есепке жатқызу.

дәлелді бас тарту кезінде:

1) тақырыптық тексеру актісі негізінде қайтаруға ҚҚС асып кеткен сомасын растамау;

2) ҚҚС қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану шарттарына сәйкес еместігі туралы хабарламаға көрсетілетін қызметті алушыдан тиісті жауаптың болмауы;

3) көрсетілетін қызметті алушыдан ҚҚС қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану шарттарына сәйкестігі туралы хабарламаға ҚҚС қайтарудан бас тарту туралы жауап алу.

Часто задаваемые вопросы
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін қандай негіздер болуы мүмкін?

1. Егер жеке шотта және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының ҚҚС бойынша декларациясының деректері бойынша ҚҚС-тың асып кету сомасының болмауы анықталса және (немесе) осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген шарттар бұзылса, көрсетілетін қызметті беруші талап көрсетіле отырып, ҚҚС бойынша декларация ұсынылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде талаптарды қараудан бас тарту туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.

2. Мынадай:

1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жазып берген шот-фактуралар бойынша есепке жатқызылған;

2) салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне берілетін пайдалы қазбалар бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер (оның ішінде, осындай пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша есепке жатқызылған;

3) салық төлеуші салықтың қосымша сомасын есепке жатқызған салықтық кезеңдер бойынша қалыптасқан ҚҚС-тың асып кету сомасы қайтарылуға жатпайды.

3. Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша, егер:

1) өнім берушімен және сатып алушымен өзара есеп айырысулардың анықтығын растау үшін қарсы тексерулер жүргізуге берілген сұрау салуларға жауап алынбаса немесе оның ішінде:

  • тұрған жері бойынша өнім берушінің болмауы;
  • өнім берушінің есепке алу құжаттамасының жоғалуы себебі бойынша қарсы салықтық тексеру жүргізілмесе;

2) салықтық кезеңде тікелей өнім берушіде қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікте көрсетілген мәліметтер мен өнім берушінің барлық жазып берілген шот-фактуралары бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіндегі мәліметтер арасындағы салыстыру кезінде өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығы сомасының төмендетілгені анықталса;

3) салықтық тексеру жүргізіліп жатқан салық төлеушіге немесе оның тікелей өнім берушісіне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216 және 245-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалса;

4) тексерілетін салық төлеуші немесе оның тікелей өнім берушісі бойынша электрондық шот-фактураларды жазып беру тоқтатыла тұрса;

5) тікелей өнім берушіде қосылған құн салығы бойынша бересі болса;

6) валюталық түсім түспесе (толық көлемде түспесе);

7) экспорттау кезінде тауарларды әкету фактісі расталмаса (толық көлемде расталмаса), қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.

Тақырыптық салықтық тексеру қорытындысы бойынша ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес тыңдауды жүзеге асыра отырып, ҚҚС-тың асып кету сомасының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеру актісі жасалады.

Бұл ретте салықтық тексеру актісі Салық кодексінің 170-бабының талаптарына сәйкес жасалады.

Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша қайтарылуға жататын ҚҚС-тық асып кету сомасы талапта көрсетілген ҚҚС-тың асып кету сомасынан және салықтық тексеру актісін жасау күніне дербес шоттағы ҚҚС-тың асып кету сомасынан аспауға тиіс.

Тақырыптық салықтық тексеру актісінде әрбір себеп бойынша жеке расталмаған соманы көрсете отырып, ҚҚС-тың асып кету сомасын қайтармау негіздері көрсетіледі.

Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша расталмаған ҚҚС-тың асып кету сомасы салық төлеушінің талап қоюдың ескіру мерзімдері шегінде кейінгі салық кезеңдерінде талапқа енгізуі жолымен расталмау себептері жойылуына қарай қайтарылуға жатады.

Егер көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне/ әрекетсіздігіне шағым бергіңіз келсе
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Стоимость услуги

Тегін

Срок оказания услуги

Мемлекеттік қызмет стандартында көрсетілген мерзімдерге сәйкес

Услугу оказывает
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Место предоставления услуги
Салық төлеушінің кеңсесі
«Цифрлық үкімет» порталы
Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы