Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі – лицензия) беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензия телнұсқаларын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы.
  2. Қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі.
  3. Көрсетілетін қызметті алушы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңының 48-бабының 1-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген.
  4. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.
  5. Сот орындаушысының ұйғарымы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге соттың лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

Мына жағдайлар:

  • лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төленбеуі;
  • осы Тізбенің 8-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың тиісінше ресімделмеуі лицензияны қайта ресімдеуден бас тартуға негіздер болып табылады.

Лицензияның телнұсқаларын беру кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымға ақы төлемеу лицензияның телнұсқасын беруден бас тартуға негіз болып табылады.

Көру саны:892

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

1) мыналармен айналысу құқығына лицензия беру үшін лицензиялық алым:
брокерлік қызметпен 30  АЕК;
дилерлік қызметпен - 30  АЕК;
инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен - 30   АЕК;
кастодиандық қызметпен - 30  АЕК;
трансфер-агенттік қызметпен - 10  АЕК;
бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдармен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметпен - 10  АЕК;
банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметі – 800 АЕК;

қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметімен - 40  АЕК;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым  тиісті мөлшерлеменің 10  пайызын құрайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым  тиісті мөлшерлеменің 100  пайызын құрайды.

Қызмет көрсету уақыты

лицензия берген кезде – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны қайта ресімдеген кезде - 3  жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушыны бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде - 30  жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2  жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы