Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру:

  1. Ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі.
  2. Заңның 60-бабы 1-тармағының 2-1), 2-2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыру туралы деректердің болуы.
  3. Уәкілетті орган жүргізген тестілеудің теріс нәтижесі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
  4. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

Лицензияны қайта ресімдеу:
уәкілетті орган мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

Көру саны:401

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Лицензия - 10 АЕК

Қайта рәсімдеу - лицензиялық алымнан 10%

Телнұсқа - лицензиялық алымнан 100%

Қызмет көрсету уақыты

Лицензия - 20 жұмыс күні ішінде

Қайта рәсімдеу - 3 жұмыс күні ішінде

Телнұсқа - 2 жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы