
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру.
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында осы санаттағы жеке және заңды тұлғалар үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салу;
3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды енгізбеу;
4) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10352 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі – № 5 бұйрық) Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестілігін растайтын құжаттар тізбесін сәйкес келмеуі;
5) егер бұрын лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғалар-лицензиаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болғандар қатарынан құрылған басқа заңды тұлғаға қайта ресімделсе;
6) сот орындаушысының ұсынымының негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы;
7) өндірістің қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ете алмауы, қарудың есебі мен сақталуын не осы шарттарды қамтамасыз етпеуі;
8) көрсетілетін қызметті алушыда:
тұрақты тұратын жерінің;
қаруды сақтау үшін тиісті жағдайдың;
9) рұқсаттан ерікті түрде бас тартуы не қару иесiнің қайтыс болуы;
10) қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе заңмен белгіленген тәртіпте алынбаған соттылығының болуы;
11) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының ең төменгі мерзімі аяқталғанға дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босауы;
12) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493, 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған;
13) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 73-1, 73-2, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған;
14) азаматтық және қызметтік қару иесін немесе пайдаланушысын қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсырмауы;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың пайда болуы;
16) азаматтық немесе қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың конструкциясын оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соғатындай етіп қайта жасауы;
17) азаматтық және қызметтiк қару азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың айналымы саласындағы техникалық регламентке және криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеген;
18) егер адам экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есебінде тұрса;
19) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің № 5 Бұйрығымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
20) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;
21) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады;
22) сот орындаушысының енгізген ұсынымы бойынша үйден шығару және бұзу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса;
23) Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайда;
24) тіркелген қаруды қайтадан жоғалтқан;
25) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
26) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасы шығарылған;
27) егер қаруды иеленуге медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда жүргізеді;
28) сол сияқты қарудың, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты ауыр, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ террористік, экстремистік қылмыстар жасағаны үшін алып тасталған немесе өтелген сотталғандығы бар адамдарға
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 10 АЕК құрайды
Лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10% құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 15 жұмыс күні
Заңды тұлға-лицензиатты бөліп алу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 15 жұмыс күні
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 жұмыс күні