gov.kz
Меню

Қазақстан Республикасының резиденттігін растау

Как получить услугу
Онлайн
Жеке тұлғалар

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасы бойынша өтіңіз (қызметті алу үшін сізде knp.kgd.gov.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).

2. knp.kgd.gov.kz сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. Жоспарланған уақыт аралығында сұраныстың күйін CТК сайтындағы салық есептілігі журналында тексеріңіз.

Онлайн
Заңды тұлғалар

Азаматтарға арналған үкімет
Жеке тұлғалар

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:

Көрсетілетін қызметті алушы немесе өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілген, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілі:

1. Резиденттікті растау туралы салықтық өтініш.

2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат ұсынылады.

3. Қосымша, тиімді басқару орны Қазақстан Республикасына ауыстырылған бейрезидент заңды тұлғалар, – оның тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқан резиденттер болып табылатын шетелдік заңды тұлғалар үшін– заңды тұлғаның тиімді басқару орнының (нақты басқару органының орналасқан жерінің) Қазақстан Республикасында бар екендігін растайтын құжаттың (директорлар кеңесінің жалпы жиналысының хаттамасы немесе оны өткізу орны көрсетілген ұқсас орган немесе негізгі басқару және (немесе) бақылау орнын растайтын өзге де құжаттар, сондай-ақ оны өткізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметі) нотариат куәландырған көшірмесі;

4. Резиденттер болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін:

  • тұлғаның деректерін сәйкестендіру туралы жазбалары және Қазақстан Республикасында келу және кету күндері туралы жазбалар бар шетелдік паспорттың немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің беттерінің;
  • Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасынан кету күндері туралы белгілері бар Қазақстан Республикасында болу мерзімін растайтын құжаттың (виза немесе басқа құжаттар) нотариат куәландырған көшірмесі. Егер мұндай құжаттың түпнұсқасы ұсынылса, нотариалды куәландыру талап етілмейді;

5. Қазақстан Республикасында өмірлік мүдделер орталығының болуы негізінде Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растау үшін – Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 222-бабының 3-тармағында көрсетілген шарттарды растайтын нотариат куәландырған құжаттар;

6. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде – «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам:

1. Резиденттікті растау туралы салықтық өтініш.

2. Нотариалды куәландырылған шетелдік паспорттың немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің электрондық көшірмесі.

3. Қазақстан Республикасында болу мерзімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесі (виза немесе басқа құжаттар).

4. Резиденттікті растайтын құжатты бергені үшін алымның төленгенін растайтын электрондық құжат.

5. АХҚО-ның инвестициялық салықтык резидент бағдарламасына сәйкес инвестицияларды іске асыру туралы АХҚО актісінде белгіленген нысан бойынша тиісті кезеңге АХҚО әкімшілігі берген электрондық растау хаты.

6. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам АХҚО инвестициялық салықтық резидент бағдарламасына қатысуға бастапқы өтініш бергенге дейінгі соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған тұлға болып табылмайтыны туралы ішкі істер органы берген электрондық растау хаты. Осы абзацтың мақсаты үшін ішкі істер органы берген растау хатында шетелдіктің төлқұжатындағы немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің мәліметтері болуы тиіс.

Бастапқы өтініш бойынша резиденттікті растайтын құжатты беру кезінде, одан кейін резиденттікті растауға салықтық өтініш берген кезде ішкі істер органы берген растау хатын ұсыну талап етілмейді.

Резиденттікті растайтын құжаттың телнұсқасын алу үшін:

1. Салықтық өтініш.

Результат оказания услуги
Часто задаваемые вопросы
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін қандай негіздер болуы мүмкін?
1) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 222 және 223-бабының шарттарына сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарда және (немесе) оларда қамтылған деректерде (мәліметтерде) дәлсіздіктер анықталса;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
4) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектелген дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
Қазақстан Республикасының резиденттігін растау
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Стоимость услуги

Тегін

Срок оказания услуги

2 жұмыс күні ішінде

Услугу оказывает
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Место предоставления услуги
Салық төлеушінің кеңсесі
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
«Цифрлық үкімет» порталы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы