Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес субъектілердің осы санаты үшін тыйым салынған қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыру;
2) кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроларға және үй-жайларға қойылатын талаптарды сақтамау;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметтің осы түрімен айналысуына тыйым салатын, соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы;
4) кредиттік тарихтардың дерекқорын құру үшін пайдаланылатын цифрлық жүйелерді және көрсетілген цифрлық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау бойынша «Кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде цифрлық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ Кредиттік бюролардың ақпарат берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қоятын талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 228 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17702 болып тіркелген) белгіленген ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды кредиттік бюроның орындамауы.

Көру саны:279

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Порталға жүгінген күннен бастап 20 жұмыс күні. 

Осы мерзім «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабында белгіленген жағдайларда тоқтатыла тұрады.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы