Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады
  2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
  3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз
  4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз
  5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі:

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Теміржол көлігі саласындағы жүктерді тасымалдауға лицензия, лицензияны қайта ресімдеу не осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрауды қабылдау туралы мәртебесі жіберіледі.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің (жеке немесе заңды тұлғалардың) осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты теміржол көлігі саласында жүк тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болғанда;
5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға уақытша тыйым салған жағдайларда, лицензия беруден бас тартады;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Көру саны:373

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Лицензия – 6 АЕК

Лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі алым ставкасынан 10%-ын

Қызмет көрсету уақыты

2 жұмыс күн

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы