Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Кіші түрі бойынша:

  • инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеген жағдайда инвестициялық қор қағидалары электрондық нысанда;
  • өзгерістер мен (немесе) толықтырулар ескерілген инвестициялық пай қорының қағидалары (инвестициялық пай қорының өзгерістері мен (немесе) толықтыруларды келісу кезінде);
  • инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (басқарушы компанияны ауыстырған және инвестициялық пай қорының қағидаларына тиісті өзгерістер енгізу кезінде);
  • мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
  2. Инвестициялық пай қорының қағидаларында, оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда және келісуге ұсынылған өзге де құжаттарда қайшы келетін немесе дәйексіз мәліметтердің болуы.
  3. Басқарушы компания қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Көру саны:218

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде - 15 жұмыс күні ішінде

Инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде - күнтізбелік 30 күні ішінде

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы