Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат
Қызметті қалай алуға болады
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
- Болжанып отырған ерікті қайта ұйымдастыру нәтижесiнде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерiнің бұзылуы.
- Болжанып отырған қайта ұйымдастыру нәтижесiнде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудiң ең төменгi талаптарының, сақталуы мiндеттi басқа нормалар мен лимиттердің және "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген өзге де талаптардың бұзылуы.
- Қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (сақтандыру холдингтерінің) жоғары органдарының тиісті шешімдерінің болмауы.
- Болжанып отырған қайта ұйымдастыру нәтижесінде бәсекелестікті қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылуы.
- Ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймауы.
- Ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуі.
- "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:1281
