Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Мерзімді баспа басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бұ­рын сол ата­у­мен және сол аумақ­та та­ра­ла­тын не оның ата­уы бұ­рын құ­ры­л­ған мер­зім­ді бас­па­сөз ба­сы­лы­мы­ның, ин­тер­нет-ба­сы­лым­дар­дың ата­уы­мен ай­ыр­ғы­сыз дә­ре­же­де ұқсас мер­зім­ді бас­па­сөз ба­сы­лы­мы­на, ин­тер­нет- ба­сы­лым­дар­ды есеп­ке қой­ға­ны ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­руі;
2) мер­зім­ді бас­па­сөз ба­сы­лы­мын, ин­тер­нет-ба­сы­лым­ды есеп­ке қою неме­се қай­та есеп­ке алу ту­ра­лы өті­ніш­тің маз­мұ­ны «Масс-ме­диа ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 22-ба­бы 5-тар­ма­ғы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­мей­ді;
3) мен­шік ие­сі­нің ауы­суы­на орай мер­зім­ді бас­па­сөз ба­сы­лы­мын, ин­тер­нет- ба­сы­лым­дар­ды қай­та есеп­ке алу ту­ра­лы өті­ніш­те мер­зім­ді бас­па­сөз ба­сы­лы­мы­на, ин­тер­нет-ба­сы­лым­дар­ды мен­шік құқық­та­рын бас­қа адам­ға бе­ру­ді рас­тай­тын шар­ттың нө­мі­рі мен кү­ні­нің көр­се­тіл­ме­уі;
4) шы­ға­ры­луын бұ­рын сот тоқ­та­тқан ата­уы (ата­уы­ның бір бө­лі­гі) бір­дей және та­қы­рып­тық ба­ғы­ты дәл сон­дай мер­зім­ді бас­па­сөз ба­сы­лы­мын, ин­тер­нет-ба­сы­лым­дар­ды есеп­ке қо­ю­дың мә­лім­де­луі неме­се ата­уы мен та­қы­рып­тық ба­ғы­тын қай­та­лай­тын мер­зім­ді бас­па­сөз ба­сы­лы­мы­ның, ин­тер­нет-ба­сы­лым­дар­дың мә­лім­де­луі, сон­дай-ақ шы­ға­ры­луы сот ше­ші­мі­мен тоқ­та­ты­л­ған мер­зім­ді бас­па­сөз ба­сы­лы­мы­ның, ин­тер­нет-ба­сы­лым­дар­дың мен­шік ие­сі неме­се бас ре­дак­то­ры (ре­дак­то­ры) сот­тың ше­ші­мі заң­ды кү­шіне ен­ген күн­нен ба­стап үш жыл ішін­де өті­ніш бер­ген жағ­дай­да;
5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы.
6) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
7) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мәле­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гін анық­та­ған­да.
8) егер сот әре­кет­ке қа­бі­лет­сіз деп та­ны­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты бас ре­дак­тор бо­лып та­был­са; «Масс-ме­диа ту­ра­лы» За­ңы­ның 18 ба­бы.
9) егер та­ғай­ын­дау ке­зін­де заң­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен өтел­ме­ген неме­се алын­ба­ған сот­тал­ғанды­ғы бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты бас ре­дак­тор бо­лып та­был­са;
10) егер ше­тел­дік не аза­мат­тығы жоқ адам бас ре­дак­тор бо­лып та­был­са;
11) егер сот ше­ші­мі заң­ды кү­шіне ен­ген күн­нен ба­стап үш жыл ішін­де, өзде­рі­нің кінә­сі­нен бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­ра­лы­ның шы­ға­ры­луы және та­ра­ты­луы сот ше­ші­мі­мен тоқ­та­ты­л­ған бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­ра­лы­ның бас ре­дак­то­ры (ре­дак­тор­ла­ры) болған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты бас ре­дак­тор бо­лып та­был­са;
12) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­ра­лы­ның мен­шiк иесi – заң­ды тұл­ға неме­се осы са­лад­а­ғы қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­шы заң­ды тұл­ға ак­ци­я­ла­ры­ның (жар­ғы­лық ка­пи­тал­ға қа­ты­су үле­стерiнiң, пай­ла­ры­ның) 20 пай­ы­зы­нан аста­мын ше­тел­дiк­тер­дің және ше­тел­дік заң­ды тұ­лға­лар­дың, аза­мат­тығы жоқ адам­дар­дың тi­ке­лей және (неме­се) жа­на­ма ие­ле­нуiне, пай­да­ла­нуы­на, олар­ға би­лiк етуiне және (неме­се) олар­ды бас­қа­руы­на тый­ым са­лы­на­ды;
13) егер бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­ра­лы­ның мен­шік ие­сі бо­лып та­бы­ла­тын заң­ды тұл­ға­ның құ­ра­мын­да ше­тел­дік қа­ты­су ак­ци­я­ла­ры­ның (жар­ғы­лық ка­пи­тал­ға қа­ты­су үле­сте­рі­нің, пай­ла­ры­ның) 20 пай­ы­здан аста­мы бол­са.

Көру саны:923

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін 

Қызмет көрсету уақыты

10 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы