Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін алу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады
  2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
  3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз
  4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз
  5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына, Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларының, Заңның немесе ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Көру саны:72

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлгін беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі

Қызмет көрсету уақыты

15 жұмыс күні.

Ұсынылған құжаттарды қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда - 10 жұмыс күні.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы