Қайта сақтандыру қызметіне немесе исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

1. Қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін - қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Лицензияны қайта ресімдеу үшін - қайта ресімделген лицензияны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру.
3. Телнұсқа алу үшін - қолданыстағы лицензияның телнұсқасын немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты алу.

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамау.
  2. Құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтер мен сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамау.
  3. Ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі.
  4. Басшы қызметкерді келіспеу (қайта құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта ашылатын филиалы үшін).
  5. Заңды тұлғалардың аталған санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салу;
  6. Лицензиялық алымның төленбеуі.
  7. Заңның 46-бабының 12-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру бойынша талаптардың орындалмауы.
  8. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында резиденті Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензияның болмауы.
  9. Заңның 34-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері қатарында кемінде екі Қазақстан Республикасының резидент-басшы қызметкерінің болуы бойынша талаптардың сақталмауы.
  10. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға тиіс қызметті немесе қызметтің жеке түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заң күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.
  11. Соттың сот орындаушысы ұсынған ұсынымның негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы.
  12. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша.
  13. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы заңының 8-бабына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуге талап етілетін, қол жетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жетімділікке көрсетілетін қызметті алушының берілетін келісімінің болмауы.

Көру саны:77

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Қайта сақтандыру қызметіне немесе исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Лицензия - 500 АЕК

Қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін алым - лицензияны бергені үшін - лицензиялық алымнан 10%

Қызмет көрсету уақыты

Лицензия - 30 жұмыс күні ішінде.
Қайта құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін – 9 жұмыс күні ішінде.


Лицензияны қайта ресімдеу -
15 жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда - 30 жұмыс күні ішінде.

Телнұсқасы - 2 жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы