Этил спиртіне Лицензия

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Жиі қойылатын сұрақтар

1) Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілетін қызметті алушылардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
7) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;
8) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
9) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
10) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Көру саны:131

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Лицензия беруде – 3000 АЕК

Лицензияны қайта ресімдеуде  – лицензия берудегі мөлшерлемеден 10%

Қызмет көрсету уақыты

Лицензия не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты беру – 10 жұмыс күнінен кешіктірмей
Лицензияны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні ішінде
Лицензияның қолданулуы тоқтатылған кезде– 3 жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы