"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

1.  Жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының әрі қарай.
2. Лицензияны қайта ресімдеу үшін - қайта ресімделген лицензияны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру.
3. Телнұсқа алу үшін - қолданыстағы лицензияның телнұсқасын немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты алу.

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамау;
  2. Құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтер мен сақталуы міндетті басқа міндеттемелерді сақтамауы;
  3. Ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
  4. Басшы қызметкердің келіспеуі (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашылатын филиалы үшін); тағайындауға (сайлауға) ұсынылған кандидаттардың арасынан басшы қызметкерді келіспеу (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашылған филиалы үшін);
  5. Заңды тұлғалардың берілген санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынған;
  6. Лицензиялық алым төленбеген;
  7. Заңның 46-бабының 12-тармағына сәйкес резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының активтерін қалыптастыру бойынша талапты орындамау;
  8. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау жөніндегі органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәні бойынша ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензияның болмауы;
  9. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері арасында кемінде екі Қазақстан Республикасының резиденті басшы қызметкерлерінің болуы тұрғысынан Заңның 34-бабында көрсетілген талапты сақтамау;
  10. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға тиіс қызметті немесе қызметтің жеке түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заң күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
  11. Соттың сот орындаушысы ұсынған ұсынымның негізінде көрсетілетін қызметті алушы - борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
  12. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша;
  13. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

Жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:

1) алынатын қосымша сақтандыру сыныбын ескерумен пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;
2) өтініш беру күніне дейінгі соңғы 3 (үш) ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтерді сақтамау;
3) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болуы;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

Көру саны:482

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Сақтандыру қызметімен айналысуға лицензия беру үшін - 500 АЕК

"Жалпы сақтандыру" саласында қайта сақтандыру бойынша қызметпен айналысуға лицензия беру үшін - 200 АЕК

Лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін – лицензия берген үшін  - лицензиялық алымнан 10%

Қызмет көрсету уақыты

Лицензия -30 жұмыс күні ішінде
Қайта құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін – 9 жұмыс күні ішінде


Лицензияны қайта ресімдеу -
15  жұмыс күні ішінде
Көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда - 30 жұмыс күні ішінде

Телнұсқасы - 2 жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы