"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

1. Жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашық филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін, Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша лицензия алу үшін, "Өмірді сақтандыру" саласында қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін, Өмірді сақтандыру, Аннуитеттік сақтандыру, "Сақтандыру қызметі туралы" ҚР Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, өмірді сақтандыру, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру, "Сақтандыру қызметі туралы" ҚР Заңының 6-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, аннуитеттік сақтандыру - қағидаларға лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
2. Лицензияны қайта ресімдеу үшін - қайта ресімделген лицензияны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру;
3. Телнұсқаны алу үшін - қолданыстағы лицензияның телнұсқасын немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты алу.

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамау.
  2. Құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтер мен сақталуы міндетті басқа міндеттемелерді сақтамау.
  3. Ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі.
  4. Тағайындауға (сайлауға) ұсынылған кандидаттар санынан басшы қызметкерді келіспеу (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, ашылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін).
  5. Заңды тұлғалардың берілген санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салу.
  6. Лицензиялық алымның төленбеуі.
  7. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Заңның 46-бабының 12-тармағына сәйкес резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру бойынша талаптардың орындалмауы.
  8. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензияның болмауы.
  9. Заңның 34-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері қатарында кемінде екі Қазақстан Республикасының резидент-басшы қызметкерінің болуы бойынша талаптардың сақталмауы.
  10. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға тиіс қызметті немесе қызметтің жеке түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заң күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.
  11. Соттың сот орындаушысы ұсынған ұйғарымының негізінде көрсетілетін қызметті алушы - борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы.
  12. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша.
  13. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

Қосымша сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту жоғарыда көрсетілген негіздерді қоспағанда, мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

1) алынатын қосымша сақтандыру сыныбын ескерумен пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;;
2) өтініш беру күніне дейінгі соңғы 3 (үш) ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтерді сақтамау;
3) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болуы.
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

Көру саны:715

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Лицензиялау – 500 АЕК

"Өмірді сақтандыру" саласында қайта сақтандыру бойынша қызметпен айналысуға лицензия беру үшін - 200 АЕК

Лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін – лицензия берген үшін – лицензиялық алымнан 10%

Қызмет көрсету уақыты

Лицензия -30 жұмыс күні ішінде
Қайта құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін – 9 жұмыс күні ішінде


Лицензияны қайта ресімдеу -
15  жұмыс күні ішінде
Көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда - 30 жұмыс күні ішінде

Телнұсқасы - 2 жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы