Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Нысан бойынша рұқсатты қоса беру арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы хабарлама немесе уәкілетті орган Басқармасының тиісті қаулысын қоса беру арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 30-1-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі.
  2. Ұсынылған құжаттардың Заңның 30-1-бабының 2-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі.
  3. Уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін олар белгілеген мерзімде жоймауы.
  4. Заңның 30-1-бабы 2-тармағының 8) және 11) тармақшаларында белгіленген талаптарды сақтамау.
  5. Заңның 28-бабы 1-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер.
  6. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы атауының Заңның 23-бабы 7-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі.
  7. Уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты дәйексіз ақпарат ұсынуы.
  8. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

Көру саны:238

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

50 жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы