Банкті ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің Басқарма қаулысының көшірмелерін қоса бере отырып, банкті ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы немесе тиісінше ресімделмеуі.
  2. Өз міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін басқа банк немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы қаражатының жеткілікті болмауы.
  3. Жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау арқылы қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару шараларын қабылдамауы.

Көру саны:124

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Банкті ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

2 ай ішінде

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы