Исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Лицензияны беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияны қоса берумен лицензияның телнұсқаларын беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушының Банктер туралы заңның 19-бабында және 112-бабының 5-тармағында белгіленген талаптардың кез келгенін сақтамауы;
2) банк құрамына кіретін банк конгломератының өтініш бергенге дейінгі алты ай кезеңдегі пруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
3) Банктер туралы заңның 72-бабының 4-тармағында белгіленген резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтерін қалыптастыру жөніндегі талапты орындамау;
4) Банктің жарғылық капиталының Банктер туралы заңның 8-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген (берген) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруды жоспарлап отырған операциялардың түрлеріне ұқсас банк қызметін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензияның (қолданыстағы рұқсаттың) болмауы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға бұрын берілген рұқсаттың күшін жою;
7) көрсетілетін қызметті алушының даму стратегиясының және (немесе) өзге де ұсынылған құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келмеуі және (немесе):
алғашқы қаржылық (операциялық) үш жыл өткеннен кейін қызмет алушы рентабельді болатындығын;
құрамына көрсетілетін қызметті алушы кіретін көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) банк конгломераты пруденциялық нормативтер мен лимиттерді орындайтын болатындығын;
көрсетілетін қызметті алушының оны дамыту стратегиясына сәйкес келетін ұйымдық құрылымы болатындығын растайтын мәліметтерді ұсынбау;
8) тағайындауға (сайлауға) ұсынылатын кандидаттар арасынан көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерін келіспеу (банк лицензиясын алғаш рет алуға өтініш білдірген көрсетілетін қызметті алушы үшін);
9) Банктер туралы заңның 45-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде белгіленген Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлерінің қатарында Қазақстан Республикасының резиденті екі басшы қызметкерден кем болмауы жөніндегі талапты сақтамау;
10) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
11) банк лицензиясын алу үшін ұсынылған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анық еместігі;
12) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
13) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады;
14) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

Көру саны:546

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия беру

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Лицензия – 800 АЕК

Қайта рәсімдеу – Лицензиялық алымнан 10%

Телнұсқа – Лицензиялық алымнан 10%

Қызмет көрсету уақыты

1. Лицензия беру кезінде - 30 жұмыс күні ішінде.

2. Лицензияны қайта ресімдеу кезінде - 15 жұмыс күні ішінде.

Көрсетілетін қызметті алушы қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу кезінде бөлініп шығу немесе бөлу нысанында – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей.

3. Лицензияның телнұсқасын беру кезінде – 2 жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы
  • Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі