Банкті, ҚР бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат
Қызметті қалай алуға болады
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
Банк ашуға рұқсат беру кезінде:
1) банкатауыныңБанктертуралызаңның 7-бабы 3-тармағыныңталаптарынасәйкескелмеуі
2) банк құрылтайшысының қаржылық жағдайының орнықсыздығы.
Қаржылық жағдайдың орнықсыздығы деп Банктер туралы заңның 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген белгілердің болуы түсініледі;
3) банк құрылтайшысы – жеке тұлға не құрылтайшы – заңды тұлғаның атқарушы органының және (немесе) басқару органының бірінші басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын адам):
- заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болған жағдайларда;
- уәкілетті орган немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен төлемге қабілетсіз (банкрот) деп тануға әкеп соққан банкке реттеу режимін қолдану, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтердің орынбасары қызметінде болған жағдайларда.
Осы тармақшаның үшінші абзацында көзделген банкті ашуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіз Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органы немесе қаржылық қадағалау органы тиісті шешім қабылдағаннан кейін немесе тиісті сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін он жыл ішінде қолданылады.
ОсытармақшаныңмақсаттарыүшінқаржыұйымыдепсондайақҚазақстанРеспубликасыныңбейрезидентбанкініңфилиалыҚазақстанРеспубликасыныңбейрезидентсақтандыру (қайтасақтандыру) ұйымыныңфилиалыҚазақстанРеспубликасыныңбейрезидентсақтандыруброкерініңфилиалытүсініледі
4) Банктер туралы заңның 9-бабының талаптарын сақтамау;
5) Банктер туралы заңның 10-бабында және Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-5-бабында белгіленген талаптарды сақтамау;
6) уәкілетті органның банктің (банк холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруден бас тартуы;
7) уәкілетті органның еншілес банкті құруға немесе басқа банктің капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тартуы;
8) Банктер туралы заңның 10-бабы 8-тармағының үшінші бөлігінде көзделген мерзімде ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер бойынша уәкілетті органның ескертулерін жоймау;
9) көрсетілетін қызметті алушы рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі;
10) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Дербес деректер туралы заң) 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.
ҚазақстанРеспубликасыныңбейрезидентбанкініңфилиалынашуғарұқсатберукезінде
1) ҚазақстанРеспубликасыныңбейрезидентбанкіфилиалыатауыныңБанктертуралызаңның 14-бабының 2-тармағындабелгіленгенталаптарғасәйкескелмеуі
2) Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашатын Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің басшы қызметкерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;
3) Банктер туралы заңның 15-бабында белгіленген талаптарды сақтамау;
4) Банктер туралы заңның 16-бабы 6-тармағының үшінші бөлігінде көзделген мерзімде ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер бойынша уәкілетті органның ескертулерін жоймау;
5) рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі;
6) Дербес деректер туралы заңның 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:431
