Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.

4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

1) лицензия алу үшін – лицензия беру туралы хабарлама не лицензия беруден бас тарту туралы дәлелді жауап;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін –лицензияны қайта ресімдеу туралы хабарлама не лицензияны қайта ресімдеуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін тыйым салынған қызмет түрімен айналысу.

2.Лицензиялық алым енгізілмеген.

3. Көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 2-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.

4. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға тиіс қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар.

5. Сот орындаушысының ұсынысы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы борышкерге уақытша лицензия беруге тыйым салынған.

6. Өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған.
Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда Ұлттық Банк лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

Көру саны:58

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Лицензия- 400 АЕК

Қайта ресімдеу - лицензиялық алымнан 10%

 

Қызмет көрсету уақыты

Лицензия берген кезде – 20 жұмыс күні ішінде

Лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 жұмыс күні ішінде

Көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу және бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 20 жұмыс күнінен кешіктірмей

 

Мемлекеттік орган

ҚР Ұлттық банкі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы