Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады
  2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
  3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз
  4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз
  5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру және лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның беру кезінде:
    1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған.
    2) Лицензиялық алым енгізілмеген.
    3) Өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген.
    4) Лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған.
    5) Өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған.
    6) Сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған.
    7) Өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
  2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның қайта рәсімдеу үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негізі құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген кезде болып табылады.
  3. Заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда:
    1) Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген.
    2) Өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген.
    3) Егер бұрын лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғалар-лицензиаттардың бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болған қатарынан басқа заңды тұлғаға қайта ресімделсе, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қайта ресімделуі мүмкін.

Көру саны:1175

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Лицензия беру - 10 АЕК

Қайта рәсімдеу - лицензия беру кезіндегі ставканың 10 %-ын құрайды

Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алынбайды

Қызмет көрсету уақыты

Лицензия беру - 5 жұмыс күні

Қайта рәсімдеу - 3 жұмыс күні

Көрсетілетін қызметті алушыны қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресiмдеу - 5 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы