gov.kz
Меню

Кредиттер/қаржы лизингі бойынша кепілдіктер беру

Как получить услугу
Онлайн
Жеке тұлғалар

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторлану  және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.

2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).

3. Банктің кепілдік сомасының есептелуімен Қызмет алушының несиелеу мүмкіндігі туралы оң нәтижелі шешімі бар хатының электронды көшірмесін (сканерленген көшірмесін қоса тіркеу.

4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

5. Порталдан қызмет көрсету нәтижелері бар құжаттарды жүктеп алу және басып шығару.

Онлайн
Заңды тұлғалар

Қызмет беруші
Жеке тұлғалар

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

1. Банктен алынатын құжаттардың тізбесіне ілеспе хат.

2. Құжаттар топтамасындағы барлық құжаттар тізбесі немесе құжаттарды қабылдап алу-беру актісі.

3. Банктен кредит алуға арналған өтінім.

4. Банктің уәкілетті органының Қордың кепілдігімен кредит беру туралы шешімі, банктің кредиттік, кепіл және заң басқармасының және тәуекелдерді басқару басқармасының сараптамалық қорытындылары.

5. Соңғы есепті күнгі жағдай бойынша кәсіпкердің қаржылық құжаттары (берешектің туындау күнін, берешекті өтеудің жоспарланған күнін және берешектің нысанасын көрсете отырып, кредиторлық және дебиторлық берешекті толық жазу, негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық қорларды (бұдан әрі – ТМҚ) толық жазу, соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (жеке кәсіпкерлер үшін).

6. Кәсіпкердің мөрімен расталған жыл басындағы және соңғы есептік күнгі жағдай бойынша (жыл басындағы және соңғы есепті күнгі жағдай бойынша берешектің туындау күнін, өтеудің жоспарланған күнін және берешектің нысанасын көрсете отырып, кредиторлық және дебиторлық берешекті толық жазу, негізгі құралдарды, ТМҚ-ны толық жазу) кәсіпкердің қаржылық құжаттары (заңды тұлғалар үшін).

7. Кірістер мен шығыстар туралы есептердің баптарын таратып жазу – өткізу кірісі, өзіндік құны, кезең шығыстары, басқа да кірістер мен шығыстар, қаралатын кезеңдегі өткізілген өнімнің ақшалай және заттай мәндегі көлемі.

8. Қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін көрсетуді қоса алғанда, қызмет көрсететін банктен несие берешегінің бар-жоғы, соңғы 12 айдағы айналымдар, сондай-ақ құжаттарды қарау сәтіндегі жағдай бойынша мерзімінде төленбеген (№ 2 картотека) есеп айырысу құжаттары туралы анықтама.

9. Несие берешегінің, оның ішінде басқа қаржылық ұйымдардағы мерзімі өткен берешегінің (банктерден басқа, кредиттері болған кезде) бар-жоғы туралы анықтамалар.

10. Банктердегі барлық шоттары туралы мәліметтер.

11. Лицензиялар, патенттер, квоталар (өтініш беруші қызметінің түрі лицензияланатын немесе қарыз қаражаты бағытталатын тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жекелеген түрлерін өткізу лицензияланатын жағдайда).

12. Жобаны іске асыру бойынша құжаттар.

- келісімшарттар, сатып алу-сату шарттары, ниет шарттары, жұмыстар жүргізу, қызметтер көрсету шарттары, орындаған жұмыстар актісі, төлем шоттары;

- жоспарланатын жұмыстар бойынша смета, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсат (егер кредит құрылыс, реконструкциялау саласында пайдалану үшін берілген жағдайда);

- жобаға өзі қатысатындығын растайтын құжаттар;

- қаралатын жоба бойынша шешімдер қабылдау үшін банк пайдаланатын құжаттар.

13. Бизнес-жоспар.

14.Соңғы және ағымдағы жылы қолданыстағы және аяқталған келісімшарттар.

15. Кредиттік келісімдер.

16. Банк атынан банк қарызы, кепілі және кепілдік шартын жасайтын тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Егер көрсетілетін қызметті алушы дара кәсіпкер болып табылса:

1. Жеке басты куәландыратын құжат.

2. Дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама.

3. Қол қою үлгілері, мөрдің бедері көрсетілген құжат.

4. Көрсетілетін қызметті алушының/кепілгердің кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі.

5. Көрсетілетін қызметті алушының/кепілгердің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі.

 Егер көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға болып табылған жағдайда:

1. Жарғы, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар.

2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама.

3. Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі.

4. Банкте және көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушы атынан құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оның өкілеттілігін растайтын құжаттар.

5. Көрсетілетін қызметті алушының кепілдіктер тарту туралы шешім қабылдаған уәкілетті органының шешімі.

6. Көрсетілетін қызметті алушының кредит тарту туралы шешім қабылдаған уәкілетті органының шешімі.

7. Бірінші басшының, бас бухгалтердің және кәсіпкердің мөр бедерінің үлгілері бар құжат.

8. Көрсетілетін қызметті алушының/құрылтайшының/кепілгердің кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі.

Результат оказания услуги

Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті органы отырысының хаттамасынан үзінді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы бар хабарлама.

Часто задаваемые вопросы
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін қандай негіздер болуы мүмкін?

1. Жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған.

2. Жоба Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеген.

3. Бағдарламаға әлеуетті қатысушының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайда.

Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде кредиттер/қаржы лизингі бойынша кепілдіктер беру
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Стоимость услуги

Тегін

Срок оказания услуги

180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша-5 жұмыс күніне дейін

180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша-10 жұмыс күніне дейін

Услугу оказывает
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Место предоставления услуги
«Даму» КДҚ АҚ
«Цифрлық үкімет» порталы

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Мемлекеттік қызметінің инфографикасы

Даму кәсіпкерліктің дамуы қоры туралы көбірек білу

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты